Агенттік төрағасы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан қалалық орталық емханасына барып, емдеу мекемесіндегі жаңа технологияларымен танысты. Аталған емханада цифрландыруға байланысты инфокиоск, куаркод, онлайн хабарлау, колл- орталық, тікелей Кмис-ке қосылған терминал, автодозвон мен ПУШ іске қосылған. Сондай-ақ, науқастарға смс- хабарлама жеткізу ісі қолға алынып, тіркеу орнында аз уақыт ішінде күрделі өзгерістер мен жаңартулар жасалған. Өз кезегінде Алик Шпекбаев емхана қызметін Нұр-Сұлтан қаласындағы медицина мекемелеріндегі заманауи технологиямен жабдықталуымен салыстыра отырып, жоғары бағасын берді.
Айта кетейік, Түркістан қалалық орталық емханасының тіркеу орнында Елбасының талабына сәйкес "Адалдық алаңы" мен әлеуметтік қызмет көрсету орындары ашылған. Онда КР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, триаж жүйесі арқылы халыққа қызмет көрсетіледі.