Түркістандағы мейрамхананың бірінде карантинге қарамастан 30 адам бас қосқан
Департаменттің жеке құрамы карантинге байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Яғни қала, аудан аумағында күндізгі және түнгі рейд, оның ішінде адам көп жиналатын басқосу, той-жиын, іс-шараларды өткізуге тыйым салу мен қауіпсіздік шараларын қадағалау жүргізілуде.
Кезекті рейд барысында Түркістан қалалық ПБ-ның қызметкерлері мобильдік топпен бірге желтоқсан айында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша 80 заң бұзу фактісін анықтады.
Мәселен Түркістан қаласының тұрғыны мейрамхананың бірінде 30 адамды шақырып, ұжымдық іс-шара өткізген. Аталған жайтқа сәйкес полиция мейрамхана меңгерушісі мен той иесіне қатысты заң аясында шара қолданды.
Тәртіп сақшылары карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтап, бетперде кию мен арақашықты сақтауды естен шығармау керек.