Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің үшінші шеруіне саз, өнер мектептері, колледж студенттері мен қала мектептерінен 3 мыңға жуық оқушы қатысты.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бағытындағы шара мақсаты - дәстүрлі ұлттық тәрбиені ұлықтау, ата мен әже институтын дәріптеу.
«Балаларымыздың мерейі үстем болса - мемлекетіміздің мәртебесі қашанда биік»,- деген облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев балаларға жеңіс пен бақыт тіледі.
Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін акцияның маңызы орасан екенін де назардан тыс қалмады.
Шерудің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Балалық шақ мейрамынан есте қаларлықтай көрініс берген кешті ата-аналар, мәдениет және спорт өкілдері ерекше ықыласпен тамашалады.