«Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының мамандары Қожа Ахмет Ясауидің тарихымен тығыз байланысты ескерткіштің іргетасын ашып,
Айта кетейік, Қылует жер асты мешіті - ХІІ-ХV-ХІХ ғасырларға тән республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120 метр қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың айтуынша «қылует» сөзі арабша «халуатун» яғни жекелену, оңашалану деген мағынадан шығып, Жаратушыға дүниеден бөлек, оңаша отырып құлшылық жасайтын орын деген мағына береді. Мұнда негізінен ғұрыпты құлшылықтың біріне жататын «зікір» ғибадаты орындалатын болған. Қожа Ахмет Ясауи пайғамбар жасы 63-ке толғанда қылуетті арнайы салдырып, қалған өмірін осы жерде өткізгендігі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі.