Ведомствоның мәліметінше, ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойына құжатсыз жүрген.
«Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеп, шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын заңға сәйкес жасап берді», - деп жазды аймақтағы полиция басқармасының баспасөз қызметі.