Түркістандық балалармен толыққан мектеп жабылудан аман қалды - Қостанай

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Түркістан - Қызылжар - Қостанай - Көкшетау» ақпараттық турында жүрген түркістандық БАҚ өкілдерінің сапары Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Тәгіл ауылдық округы, Соналы ауылына ат басын тіреген делегация ауылдыңтыныс-тіршілігімен танысып, Соналы орта мектебіне барды. Бұл мектепте Түркістан облысы, Жетісай ауданынанбылтыр көшіп келген Ақшолпан Зұлпыхарова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақбереді. 4 баланың анасы Ақшолпан өзінің батылдықтанытып көшіп келгеніне өкінбейтінін жеткізді. Жұмысшы болып істейтінжолдасының айлығы да жеткілікті.

Сондай-ақ, аталған мектептемедбике болып жұмыс атқаратын Тұрсынай Сафарова да мамандығы бойынша Жетісайауданынан көшіп келген.

Айта кетерлігі, Соналымектебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы оңтүстік өңірден көшіп келгенотбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуғашақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде.

Бұл ауқымды әрі маңызды сапарТүркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.

Өңірге қоныстанғанкүнгейліктердің өмірімен танысуға келген журналистер қауымы бірнеше аудандардыаралайтын болады.

Соңғы жаңалықтар