Іскер әйел 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 705 225 теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Бүгінде ол тігілген бұйымдарға сұраныстың жоғары екенін, алдағы уақытта цехтың ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
«Мұнда жұмыскерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қызметкерлер мекеменің есебінен екі мезгіл тамақтанады. Сондай-ақ, жұмысшыларды арнайы көлікпен тасымалдаймыз. Мұнда жұмыс істейтін азаматшалардың басым бөлігі І,ІІ,ІІІ топ мүгедектері. Одан бөлек, 22 жұмысшының қатарында есту қабілетінен айрылған жандар да бар. Жалпы цехта төсек орын тысын, ерлердің костюм-шалбарын, салаға байланысты арнайы киімдер тігіледі», –дейді «Көне құмыра» ЖШС басшысы Роза Алдашова.
Айта кетейік, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп келе жатқан «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 2009 жылы құрылған. Аталған орталық негізінен облыс кәсіпкерлеріне несие және қаржылық лизинг беру арқылы қаржыландыру жұмыстарын жүзеге асырып келеді.