«Талдау барысында Арыс қаласы мен Шардара, Сауран аудандарында жұмыс істейтін мұғалімдерде соттылықтың болуы немесе болмауы зерттелді. Нәтижесінде аталған аудандарда 8 443 мұғалімнің 90-ы қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Шардара ауданында – 43, Сауран ауданында – 32, Арыс ауданында 15 факт тіркелген. Оның ішінде есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу және ұрлық, пара беру/алу, қарақшылық және тағы басқа да қылмыс түрлерін жасағандар бар» - деді Сәбит Әсілбек.
21:01, 01 Желтоқсан 2022
Түркістандық мұғалімдер арасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар бар
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының мектептерінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалімдер сабақ беріп келген. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.