Облыстық полиция департаменті басшылығының қолдауымен және «Біз біргеміз» акциясы аясында қаладағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына бірінші кезекте керекті азық-түліктер таратылды. Барлық қажетті заттарды департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Қалдарбеков пен Анықтау басқармасының қызметкерлерінен құрылған арнайы топ жеткізіп берді.
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - басты міндетіміз болса, жұртшылыққа барлық жағынан жанашыр болу - парыз деп есептейміз. Қажет болса, азық-түлік, киім-кешекпен, қаржылай көмектесеміз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», – дейді полицейлер.
Өз кезегінде жәрдемге ие болған аналар полицейлерге ризашылығын білдіріп, қызметте табыс тіледі.