Браконьердің «Тойота камри» маркалы көлігін тексеру кезінде, жүк салғышынан 97 сазан, яғни 100 келіге тарта балық айғақ зат ретінде алынған. Полиция қызметкерлері күдіктіні істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді.
«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұған дейін де балық аулап, мейрамханаларға өткізіп жүрген. Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) тіркеуге алып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде», - деп хабарлады құзырлы органнан.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылады.