Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Облыс әкімі тәртіп сақшыларын құттықтап, жаңа көліктердің кілтін табыс етті.
Жыл басынан бері Түркістан өңірінің полиция қызметкерлеріне 252 жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды. Соның бірқатары бүгінгі салтанатты жиында тәртіп сақшыларына ұсынылды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері – 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары – 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы – 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі – 17 бірлік, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді.
Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.