Қазығұрт ауданында тұратын Рустем Ибрагимов бүгінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласын ғана емес, өзге өңірлерді де гүлмен қамтамасыз етіп отыр.
Тұрбат елді мекеніндегі «Үміт» шаруа қожалығында 40 сотық жылыжайға раушан гүлін, 10 соттыққа қалампыр гүлін өсіріп отыр. Гүл өсірумен айналысатын қожалықта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы көлемі 4,5 гектар жері бар шаруашылықта маусымдық жұмыстарға 15 ауыл тұрғыны тартылады. Оларға орташа 60 мың теңгеден айлық төленіп келеді. Гүл өсіруді табыс көзіне айладырған шаруа өткен жылы 10 мың дана қалампыр мен 40 мың дана раушан гүлін саудалағанын айтады.
Биылғы маусымда да өнім аз болмайды деп отыр.
Айта кетейік, Тұрбат ауылында бүгінде 55,3 гектар жерге жылыжай егілген. Ал, аудан көлемінде өткен жылы жылыжайлардан 840 мың дана гүл өнімдері жиналған.