Түркістандық журналистер СҚО-ға қоныс аударғандардың тұрмысымен танысты

Фото: None
М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Түркістандық БАҚ өкілдері баспасөз конференциясынан соң бірден Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Октябрьское ауылына ат басын тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ауылда орта мектепте «Алғашқы әскери дайындық» пәнінен сабақ беретін МақсатЕсжанов атты азамат тұрады. Ол мұғалімдікпен қатар, шағын шаруа қожалығын ұстайды.Қазіргі таңда 10 сиыр бағатын Мақсат «Игілік» ӘКК-ге сүт өткізіп отыр.

М.Жұмабаев ауданының сұлу табиғаты ауыл шаруашылығына өте қолайлыболғандықтан, бұл өңірге оңтүстіктен көшіп келетін көпшілік мал ұстап, егінменайналысқанды жөн көреді.

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқанақпараттық тур аясында «Сулышоқы» ауылына келген журналистер қауымы «Жәнібек»шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Оңтүстіктегі халқы тығыз қоныстанғанөңірден солтүстікке көптеп тарту мақсатында «Жәнібек» шаруа қожалығының басшысыҚайрат Жәнібеков 4 баспана салуда. Келесі жылы тағы да 5 үй салу жоспарда бар.Қазір бұл ауылда ауыл шаруашылығымен айналысатын 4 жанұя жаңадан салынып жатқанүйлерге көшіп баруға дайын.

Петропавл қаласында жаңадан ашылған «Қытай емдеу орталығының» иесі МөлдірІзтілеуованың жолдасы - дәрігер. Бұл отбасы СҚО-ға 2016 жылы Ордабасы ауданы,Шұбарсу елдімекенінен көшіп келген. Ерлі-зайыптылар Қызылжар қаласынан Қытай емдеу орталығын ашты.

Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан облысында 1 мыңнан астам бос жұмыс орныбар. Қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен консультация жүргізу кезіндебірінші кезекте, мамандығы бойынша бос орындар немесе балама түрі ұсынылады.Сонымен қатар қоныс аударушылар өздері жұмысқа орналаса алады.

Еске сала кетсек, Түркістаноблысының бір топ журналисі мен белсенділері «Түркістан – Қызылжар – Қостанай –Көкшетау» ақпараттық туры аясында солтүстік өңірде сапармен жүр.


Соңғы жаңалықтар