Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында Жолдауды тікелей эфирден көрді. Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, Түркістан облысының медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды көрсе, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын тыңдады.