2015 жылдың желтоқсан айында егiлген цитрусты көшеттер осы жылдың күзінде өнiм бередi екен. Осындай жаңалықпен бөліскен "Қанжiгiт" ШҚ агрономы Б.Момынов: «Лимон 40-60 жыл өмiр сүретін өсімдік. Алғашқы жемiсiн 2 немесе 3 жылда бередi. Өйткенi бұл баяу өседі. Сондықтан лимон өсіруде асқан шыдамдылық қажет. Кейде осындай күтіммен банан, киви сияқты тропикалық жемiстердi де жүрексінбей жылыжайларда өсiруге болатын сияқты», - деп жаңашыл ойларын жеткізді.
Б.Момынов лимон көшеттерiне күтiм жасауды жақсы меңгерген. Арнайы курстан дәрiс алған агроном 3 гектар жерге егілген лимон ағашынан алдағы уақытта мол өнiм алуды жоспарлап отырғанын айтады.
Айта кетерлігі, "Қанжiгiт" ШҚ жылыжай кәсібін бастағанына бес жылдан асқан. 3 гектар жерге қызанақ пен қияр егіп отырған шаруа қожалық өкілінің айтуынша жылыжай аумағын кеңейтiп, өнiм түрлерiн көбейпек ниетте. Бүгiнде мұнда 30-ға жуық ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр.