Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жаңа автобустар №18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып жаңа «Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттар болған жағдайда, 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 20 автобус әкелінген болатын. Көлік 25 адамды тасымалдауға лайықталған. Желдеткіш пен қолдарбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылысымен жасақталған.