Аймақта тұратын 30-дан астам отбасы Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударды.
Солтүстік өңіріндегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ұйымдастырылған шараға түркістандықтар белсенділік танытуда. Оңтүстікте екі қолға бір жұмыс таппағандар өз еріктерімен солтүстікке қоныс аударып, ондағы биліктің қолдауларын сезінуде.
Сала мамандарының сөзінше, ол жақта тұрғындарға мал, егін шаруашылығымен айналысуына толық жағдайлар жасалмақ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен кәсіпкерлері де бұл азаматтарды жұмыспен қамтитын болады.