Осы істі қарап жатқан судья әрі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жәнібек Сейтжаппаровтың айтуынша, алғашқы сот отырысы 10-шы сәуір күні сағат 10.00-де өтеді деп белгіленді.
Айта кетейік, Түркістан қаласының бұрынғы прокурорына Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып, ол уақытша тергеу абақтысына қамауға алынған болатын. Ал оның көмекшісі Бақыт Жүнісбековке қылмыс жасауға көмектескен деген күдікпен бұлтартпау шарасы қолданылған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігімен «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi» және 366-баптың 2-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып отыр.