Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен іске қосып отыр. Жоба құны - 1 млрд 200 млн теңге. Нәтижесінде 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен.
Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.