Түркия, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және тағы да басқа елдердің түркітанушы ғалымдары бас қосатын жиында түркі терминологиясы, терминжасам, термин алмасым және IT технологиясы саласының терминологиясы сияқты маңызды мәселелер талқыланатыны күтіледі. Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы, Түркия Республикасының Тіл комитетінің төрағасы Шүкрү Халук Акалын, Қазақстан Республикасы ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсеновтер қатысатыны жоспарда бар.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін болады.