«Қырғызстан Президентінің ұсынысымен Саммитті келесі жылы Қырғызстанда өткізу туралы шешім қабылданды», - деді А.Гүл.
Ол түркітілдес мемлекеттер президенттеріне Саммитке қатысқандарына алғыс айтып, мемлекет басшыларының кездесулері туысқан мемлекеттердің арасындағы байланыстарды нығайтуға қолдау көрсететіндігін атап айтты.
«Біз алты елде тұратын бір халықпыз. Біз оны мақтаныш етеміз. Сіздердің түрік ағайындарыңыздың жүректері қайғыда да, қуанышта да сіздермен бірге соғады. Біз өзіміздің жалпы мүдделеріміздің сақталуы үшін, біздің халықтардың ынтымағын қамтамасыз ету мақсатында бірлесе іс-қимыл жасаймыз. Бұл үшін бізде жеткілікті саяси жігер бар», - деді Түркия Президенті.