Бұл туралы Түркия Сауда министрлігі мәлім етті.
Министрліктің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы жеті айында ұлттық валютадағы сыртқы сауда көлемі 830,5 миллиард лирадан асып, 2024 жылдың қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 35,2%-ға өскен.
Тікелей шілде айында Түркияның ұлттық валютадағы экспорты бір жылда 8,8%-ға артып, 28,4 миллиард лираны құрады. Ал импорт 51,3%-ға өсіп, 104,2 миллиард лираға жетті. Осылайша, тек шілде айының өзінде түрік лирасымен сыртқы сауда көлемі 132 миллиард лирадан асқан.
Ұлттық валютадағы саудаға өткен айда 39,5 мыңнан астам түрік компаниясы қатысқан.
Бұдан бұрын Түркияның Статистика институты (TÜİK) 2025 жылдың шілдесіне арналған инфляция бойынша оң деректерді жариялады. Белгілі болғандай елдегі инфляция 33,5%-ға дейін баяулады.