Түркия 2026-2027 жылдары Еуропа кубогының финалын өткізуі мүмкін

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия 2026 және 2027 жылдары УЕФА Еуропа лигасы мен Еуропалық конференция лигасының финалдық матчтарын өткізуге өтініш берді. Бұл туралы «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

Фото: uefa.com

УЕФА мәліметінше, 9 елдің футбол федерациялары УЕФА ерлер мен әйелдер клубы ұйымдарының 2026-2027 жылдардағы финалдық матчтарын өткізуге өтінім берген.

Түркия футбол федерациясы (TFF) 2026-2027 жылдары УЕФА Еуропа лигасы мен УЕФА Еуропа конференц-лигасының финалдық ойындарын Стамбулдағы Бешикташ, Фенербахче және Галатасарай клубтарының стадиондарында өткізуді ұсынды.

УЕФА Атқару комитеті 2024 жылдың мамыр айында 8 финалдық матч өтетін стадиондарды анықтайды.

Венгрия, Италия, Германия, Норвегия, Шотландия, Израиль және Швейцария да УЕФА-ның негізгі турнирлерінің финалын өткізуге үміткер.