«Транскаспий бағытындағы маршруттарды дамыту үшін отандық кеме жасау өндірісін құруға күш салып жатырмыз. Жеке паром флотын салу және танкер флотын құру, сондай-ақ әскери мақсаттағы кемелер жасау қажеттілігі бар. Бізге түркиялық Asfat, HGS Shipyard және ESET компанияларынан, пәкістандық Habib Syndicate компаниясынан, америкалық Vagenborg Deniz компаниясынан ұсыныстар түсті», - деді Қасым Тілепов.
Комитет өкілі Қазақстан тарабы саланы дамытуға бағытталған инвестициялық жобаның кез келгенін жеке отырып талқылауға дайын екенін атап өтті.
«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып, көлік секторын дамыту үшін инвестициялар тартуға мүдделіміз және жекелеген жобаларды толығырақ талқылауға дайынбыз», - деді ол «Kazakhstan Global Investment Roundtable-2022» атты жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелдің жалпы отырысында.