Құжаттарға қол қойылуын «маңызды қадам» деп атаған Ердоған, бірақ та Таулы Қарабақ мәселесі реттелмейінше, Түркияның Армениямен арадағы шекараны ашпайтынын жеткізді.
«Біз Армениямен арадағы мәселелерді келіссөздер арқылы шын мәнінде үйлестіргіміз келеді, бұл мәселе барлық салада екі ел халықтарының арасындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндік жасайды»,- деді түрік премьері баспасөз мәслихатында.
Қазанның 10-ында Цюрихте (Швейцария) Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян мен Түркия Сыртқы істер министрі Ахмед Даутоғлы «Армения мен Түркияның арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы» хаттама мен «Армения мен Түркияның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы» хаттамаға қол қойды.
Түркия мен Арменияның арасында дипломатиялық байланыс жоқ, екі елдің арасындағы шекара 1993 жылдан бері жабық. Түркия екіжақты қарым-қатынасты орнату үшін бірқатар алғышарттар қоюда, атап айтқанда Армениядан Қарабах проблемасын реттеуді және армян геноцидін халықаралық мойындау саясатынан бас тартуды талап етуде. Ереван өз кезегінде, ешқандай алдын-ала шарттарсыз Түркиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға әзірлігін мәлім етті.