Түркия әскери төңкеріс әрекетінен кейін өлім жазасын қайтадан енгізу мәселесін қарайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Республикасының Конституциялық кеңесі елде болған әскери төңкеріс әрекетінен кейін өлім жазасын қайтадан енгізу мәселесін қарайды. Бұл туралы Habertürk телеарнасының эфирінде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Түркия Премьер-министрі мәлім еткендей, ислам уағызшысы Фетхуллах Гюленді қолдайтын мемлекеттер Түркияның жауы саналады.

Елдің Әділет министрі Бекир Боздаг төңкеріс жасау әрекетінің басында 1990 жылдың соңынан бері АҚШ-та тұрып жатқан уағызшы Ф.Гюлен тұрғанын айтқан. Алайда, Гюленнің жақтастары бұл оқиғаға оның ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткен.

Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті 15 шілде, жұма күні басталған болатын. Төңкерісті бір топ әскерилер ұйымдастырған.

Түркия 2002 жылдан бері өлім жазасын алып тастаған. Сол уақытқа дейін өте ауыр қылмыс жасағандарды бұл елде асып өлтірген.