Оның сөзіне қарағанда, ұшақ билеттерінің бағасының арзандауы мұнай құнының төмендеуімен байланысты. Топчудің айтуынша, жанар-жағармай сатып алғандағы әуе компаниясының табатын пайдасы төрт пайызды құрады. Бұл азаматтық авиация үшін қомақты қаржы. Осыған дейін Түркия премьер-министрі Ахмед Давутоглу мұнайдың арзандауы Түркияға пайдалы екенін жеткізген еді. Оның айтуынша, мұнай бағасының төмендеуі Түркия экономикасының өсуіне септеседі. Сондай-ақ осы елдің энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз мұнайдың арзандауы Түркияға жыл сайын 32,6 миллион доллар табыс әкелетінін айтқан. Министрдің сөзіне сенсек, мұнай бағасы қазіргі деңгейде сақталса, Түркия баға бағамындағы айырмашылықтан жыл сайын 11,9 миллиард долларды олжалауы мүмкін.
19:23, 06 Қаңтар 2015
«Түркия әуе желілері» ұшақтарының билет құны арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түркия әуе желілері» ұшақ билеттерінің құнын арзандатады, деп мәлім етті әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Хамди Топчу. Бұл туралы «Anadolu» агенттігінен хабарлады.