Түркия Австриядағы елшісін шақыртып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу Австриядағы түрік елшісін дипломатиялық дауға байланысты кері шақыртып алды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Чавушоғлудың айтуынша, Елші Анкараға Венамен қарым-қатынасты қайта қарау үшін шақыртылған. 

Түркиядағы Австрия елшісі де Вена қаласында «Күрдістан жұмыс партиясын» қолдау үшін өткізілген митингіге байланысты Түркия СІМ шақыртылды.
Анадолу агенттігінің хабарлауынша, 20 тамыз күні Вена қаласында митинг өтіп, оған 500 адам қатысқан. Жиынға қатысушылар Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға қарсы шыққан.

Wiener Zeitung агенттігінің хабарлауынша, күрдтер Вена қаласының орталығында Түркиядағы адам құқығының тапталуына қарсы шара өткізген. Алайда, ол өткен аптада болған.