Түркия азаматтары елорда құрылысшылары үстінен прокуратураға шағым түсірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия азаматтары прокуратураның көмегімен Астана құрылысшыларынан өз жалақыларын өндіріп алды.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл ауданының прокуратурасына «Дамир-Строй» ЖШС-нің жұмыскері Түркия Республикасының азаматтары Бурак Кахраман және Нури Оздамар еңбек және көші-қон заңнамаларының бұзылуы мәселесі бойынша жүгінген.

«Есіл» ауданы прокуратурасының тексеруі кезінде Түркия Республикасының азаматтарымен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатында көрсетілген еңбек қызметіне сай емес қызметтің жүзеге асырылғаны туралы фактілер анықталған.

Сонымен қатар, «Дамир-Строй» ЖШС-нің жұмыскерлердің алдында 2 953 800 теңге еңбекақы қарыз болған. Соның ішінде Түркия Республикасының 2 жұмыскеріне 600 000 теңге еңбекақы қарыз екендігі анықталған.

 «Дамир-Строй» ЖШС-інде Түркия Республикасының азаматтары Бурак Кахраман жиһаздың декаративті элементтерін дайындаушы бойынша сылақшының міндеттерін атқарған, ал Нури Оздамар ағаш дайындау және бөлшектер дайындау фактісі бойынша прорабтың қызметін атқарғандары анықталды.

Сонымен қатар, «Дамир-Строй» ЖШС-нің 13 жұмыскерлерінің еңбекақы бойынша жалпы 2 953 800 теңге сомасында қарызы, соның ішінде Түркия Республикасының 2 азаматының 600 000 теңге сомасындағы қарызы өтелді.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін бұзғаны үшін «Дамир-Строй» ЖШС-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.