Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, жер астында бірде-бір кенші қалған жоқ. Соңғы деректерге сәйкес апат салдарынан 301 шахтер қаза тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Ыстамбұлдан 200 шақырым қашықтағы Сома елді мекеніндегі көмір шахтасында газ қоспасы жарылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 2 шақырымдық тереңдікте электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан дұрыс жұмыс істемей тұрған трансформатор жарылған. Дәл осы кезде жер астында 787 адам болған.