«Ыстамбұлдық полиция өкілдері Тақсым алаңында қақтығысып қалған ереуілшілердің 90-ға жуық белсендісін тұтқындады. Қарсылық танытып, шеруге шыққандар тәртіп сақшыларына тас боратып, Молотов коктейлін лақтырды. Екі апта бойғы тәртіпсіздік кезінде полицейлер ереуілдеушілердің өкілдерін бір емес, бірнеше мәрте тұтқындап, сұрау алғаннан кейін қоя беріп отырған болатын. Бұл жолғы қолға түскендерді енді соттаймыз деп отыр. Арнайы жасақ осының алдында екі күні бойы су атқылау арқылы шеруді сейілткен болатын», - деп жазады muslim.kz сайты.
Тоқтала кететін жайт, тәртіпсіздіктің кесірінен 4 адам қайтыс болып, 5 мыңға жуық адам жарақат алған.