«Сирия шекарасы маңында Ресейдің бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсірген екі ұшқыш қамауға алынды», деген хабарды түркиялық шенеунік оның атын атамау туралы шартпен айтып берген.
Бұл туралы РИА Новости жазады.
Ресей мен Түркия арасында салқындық өткен жылдың 24 қарашасында Түркияның жойғыш ұшағы Сирия шекарасы маңында Ресейдің бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін басталған. РФ Президенті Владимир Путин мұны «арқаға жасаған соққы» деп атаған еді. Осыдан соң Ресей Түркияға бірқатар экономикалық шектеулер қойған. Ал маусым айының соңында Путин Түркиямен екі ел арасында сауда-экономикалық қатынас қайта қалпына келе бастағанын мәлімдеген болатын.