Түркия билігі сайттарды соттың қарауынсыз жабуды көздеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Парламенті телекоммуникациялық реттеушілер сайттарды соттың шешімінсіз жабуды қарастыратын заң жобасын талқылап жатыр.

Аталған құжаттың бастамашы тобы провайдерлерді екі жыл бойы трафик бойынша барша ақпаратты сақтауға міндеттеуді және оны билік үшін қолжетімді етуді ұсынуда.

Оппозиция өкілдері бұл заң жобасы сөз бостандығы құқығына қайшы екенін және ол қабылданса, бұл әрекеттер цензураны енгізумен бірдей екенін алға тартуда.