Түркия елінің телеарнасынан қазақ тіліндегі хабарлар көрермендерге жол тартты

None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Түркияның ТРТ Аваз (Әуез) телеарнасы қазақ тілінде хабар тарата бастады. Маусымның 25-і күні алғашқы жаңалық топтамасы эфирден берілді.

 Ашылғанына үш жылдай болған ТРТ Аваз телеарнасы соңғы кездері көрермендерге түрік тілінен басқа бірнеше тілдерде бағдарламаларын ұсына бастаған еді. Енді арнайы қазақ редакциясы құры­­­лып, күн сайын көрсетілетін жаңалықтар топтамасын әзірлеуге кірісті.

Алғашқы бағдарламаға студия қонағы ретінде қатысқан Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев бұл бүкіл түркі дүниесіндегі елеулі оқиға екенін айрықша атап айтты. «ТРТ Аваз арнасының хабарлары түркі халықтарына түркі дүниесін танытады, олардың бір-бірімен араласуына ық­­пал етеді, дүние жүзіне түркі әлемін кеңінен таныстырады», деді тікелей эфирдегі сөзін­­де елші.

Жаңалықтар топтамасын  күн сайын Астана уа­қытымен 19.30-да, Анкара уақы­ты­мен 16.30-да онлайн режімінде көруге болады /www.trt.net.tr/trtavaz/.