Түркия энергетикалық қуаттардың өсімі бойынша Еуропада көшбасшы атанды

Фото: Anadolu ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия энергетикалық қуаттардың өсімі жөнінен Еуропада бірінші орында тұр, деп хабарлайды Kazinfrom агенттігінің меншікті тілшісі.

Халықаралық энергетикалық қауымдастық мәліметтеріне қарағанда, (IHA) Түркия өзінің гидроэлектр станцияларының қуатын 241 мегаватқа өсірді. Бұл еуропалық елдер арасында ең жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы ақпарат «Әлемнің гидроэнергетикалық щолуы» атты құжатында жарияланған. Құжатта гидроэнергетиканың бұрынғысынша қалпына келтірілетін энергия көздерінің арасында ең ірі энергия өндіру көзі болып қалып отырғаны атап өтілген.

Бүгінгі таңда ол әлемдік электр энергиясы генерациясының 14,3% қамтамасыз етіп отыр және әлемнің 150-ден астам елінде қолданылуда.

Түркиядағы гидроэнергетиканы дамыту энергетикалық тәуелсіздікті де тұрақты ұлттық энергия жүйесін де нығайтады.

Жаңа жобалардың арқасында мемлекет өзінің энергия жүйесінің икемділігін күшейтіп, қазба отынға тәуелділікті қысқартады.

Сарапшылардың пікірінше, Түркия тек гидроэнергетикаға ғана емес, күн және жел энергетикасы сияқты жаңартылатын энергия көздеріне белсенді инвестиция салып жатыр. 2024 жылы ГЭС қуаты тұрақты және «жасыл» энергетикаға көшудегі ауқымды стратегияның бөлігіне айналды.

Түркия алдағы жылдары осы бағыттағы даму қарқынын сақтамақ.

Осыған дейін Түркия ауыл шаруашылығын жаңғыртуға тағы 757 млн еуро тартатыны туралы хабарладық.