Түркияның Футбол федерациясы (TFF) 2024 жылы Еуропа чемпионатының ақтық матчтарын өткізуге үміткер қалалар мен стадиондарды атады. Тиісті тізім TFF-тің атқарушы комитетінің 17 қыркүйек күні өткен отырысы барысында бекітілді.
- Ыстанбұл (Ататүрк Олимпиадалық стадионы және Түрк Телеком Арена)
- Бурса (Бурса муниципалитетінің стадионы)
- Анталья (Анталья стадионы)
- Эскишехир (Эскишехир жаңа стадионы)
- Газиантеп (Газиантеп стадионы)
- Кайсери (Кадир Хас стадионы)
- Трабзон (Медикал Парк)
- Коджаэли (Коджаэли жаңа стадионы)
- Анкара (Анкараның жаңа стадионы)
Аталмыш тізім УЕФА-ға 2018 жылдың 27 сәуірі күні тапсырылатын болады. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы өтетін орын 2018 жылдың қыркүйек айында анықталады.