Түркия Еуроодақпен қарым-қатынасын тоқтатқысы келеді
20:31, 19 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Егер 2012 жылы Кипр төраға болатын болса, Түркия Еуроодақпен қарым-қатынасты жоямын деп дөңайбат көрсетті.
Сарапшылардың пікірінше, кейінгі он жылда оның мүшесі болуға соншалықты ынталанған Түркия ЕО-мен қарым қатынасын түпкілікті жойғысы келетін сияқты, деп жазады «Коммерсантъ».