Түркия Газадағы халыққа 101 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы хабарлағандай, Түркия Газаға шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта аймаққа 101 271 тонна гуманитарлық жүк жеткізілген, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы басқарманың NSosyal әлеуметтік желісіндегі жарияланымында айтылды.
Мәлімдемеде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның барлық халықаралық алаңдарда Газаның дауысына айналып, әлемге шұғыл көмек көрсетуге шақырып отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ Түркияның Газаға жедел гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастырып жатқанына назар аударылды.
Түркия көп жылдан бері блокададағы Газаның бейбіт тұрғындарына көмек жіберіп келеді және 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль шабуылдарына ұшырап, аштық пен ауыр жағдайға тап болған жазықсыз тұрғындарды қолдау үшін бар күшін салып отыр.
Түркияның Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD), Түрік Қызыл Жарты айы және азаматтық қоғам ұйымдары Израильдің Газадағы шабуылдары тудырған гуманитарлық дағдарыстың алғашқы күнінен бастап көмек шараларын қолға алды.
Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылдың қазан айынан бері Түркия Газаға 101 271 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.
Жеткізілген көмектің негізгі бөлігі:
16 кеме және 14 ұшақ арқылы жеткізілген;
281 238 гигиеналық жиынтық,
550 тонна санитарлық заттар,
1451 генератор,
жүк тиегіш, 3 жылжымалы асхана,
351 уақытша тұрғын контейнер,
25 180 шатыр,
113 608 көрпе,
19 798 ұйықтайтын қап,
151 455 тұрмыстық заттар,
25 729 тонна азық-түлік,
65 273 тонна ұн,
3 171 тонна ауыз су,
469 486 киім-кешек,
1083 ойыншық жинағы.
Медициналық көмек:
Анкара 8 дала госпиталін құрды,
53 жедел жәрдем көлігін жіберді,
247,5 тонна медициналық құрал-жабдық жеткізді,
Газадан Түркияға 430 науқас пен 450 еріп жүрген адамды 9 ұшақпен әкелді.
Сонымен қатар, Түркия Түрік Қызыл Жарты айы және Төтенше жағдайлар агенттігі (AFAD) арқылы Газаға 7,5 млн доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Айта кетелік Газа секторына бес елден гуманитарлық көмек жеткізілген еді.