Түркия халқы Республика күнін ерекше тойлады

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Түркия жұртшылығы Республика күнін ерекше тойлады. Елдің барлық өңірінде үлкен той-думан өтті.

Қаладағы мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, тіпті үйлерге Түркияның қызыл байрағы ілінген. Халық мейрамды таң сәріден бастап,  қас қарайғанға дейін тойлады. Ал Анкара тұрғындары ел көсемі Мұстафа Кемал Ататүріктің сүйегі жерленген Анытқабырға зиярат етті. Оның рухына дұға бағыштады, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.