Түркия Иран мен әлемдік державалардың арасындағы келіссөзді қабылдауға әзір

АСТАНА.  Қыркүйектің  14-і. ҚазАқпарат -  Түркия    Иран  мен    әлемдік    державалар тобының - АҚШ,  Ұлыбритания,  Франция,  Германия, Қытай  және  Ресейдің арасындағы  келіссөздің  қожайыны  болуға  әзір.  Иранға екікүндік сапарын  бүгін аяқтайтын  Түркияның  Сыртқы істер министрі  Ахмет  Дәуітоғлы Тегеранда осындай  мәлімдеме  жасады,

деп   хабарлайды  РБК агенттігі.

Министрдің айтуынша, Анкара Батыспен диалогты  жандандыру    жөніндегі Иранның    бастамасын    толық қолдайды және     келіссөздің   тезірек басталғанын қалайды.

Естеріңізге сала  кетейік,     өткен  аптада  Иран  әлемдік    державаларға    келіссөз үдерісін   жандандыру үшін     бастамалардың  жаңа пакетін  табыс еткен   болатын.  Тегеран     жаһандық ядролық қарусыздану  және  басқа  да халықаралық  мәселелер бойынша келіссөз  бастауды ұсынып  отыр.  АҚШ пен  Еуроодақ   Иранның келіссөзді    жандандыру  ниетіне  оң  баға  беріп  отыр,  бірақ та  келіссөздің күнтәртібіне Иранның ядролық бағдарламасы  да  енгізілуін       талап етуде.