Түркия Израильдегі елшісін елге қайтарады

Түркия Газа секторындағы жағдайға байланысты Израильдегі елшісі Шәкір Озкан Торунларды кеңесу үшін шақыртып алатын болды, деп хабарлайды Kazinform Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. .

Фото: Anadolu Agency

Бұл жайында 4 қарашада Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Израильдің бейбіт халыққа шабуылын жалғастыруы, гуманитарлық көмекті кедергісіз және үздіксіз жеткізуге кедергі келтіруі, сондай-ақ атысты тоқтатудан бас тартуы салдарынан Газадағы гуманитарлық жағдай ушыға түсті. Осыны ескере отырып Тель-Авивтегі елші Шәкір Озкан Торунларды консультация үшін Анкараға шақыртып алу жөнінде шешім қабылданды» делінген министрлік хабарламасында.