2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Түркия Қара теңізден жаңа мұнай кен орнын тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның мемлекеттік мұнай компаниясы — TPAO Қара теңіздегі жаңа мұнай кен орнын игеруге лицензия алу үшін өтініш берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Фото: REUTERS

Тиісті құжат 25 қыркүйекте Түркия үкіметінің ресми басылымы Resmi Gazete-де жарияланды.

Мұнай кен орны Қара теңіздегі шекараны межелеу туралы екіжақты келісімдермен айқындалған теңіз юрисдикциясы аумағындағы айрықша экономикалық аймақта және континенттік қайраңда орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы корольдіктің стратегиялық экспорттық бағыты саналатын «Шығыс – Батыс» мұнай құбырының жұмысын қайта бастағанын жазғанбыз. Бұл әлемдік нарыққа мұнай жеткізуге қатысты алаңдаушылықты азайтты