Оның атап өтуінше, түрік елінде туризм мен мәдениет саласы бір арнаға тоғыстырылған. Өйткені мәдениет болмаған жерде туризм дамымайды. Туризм де экономика үшін үлкен маңызы бар сала. Ол - мәдени инвестиция саласы.
«Барлық жәдігерлерміз бен тарихи ескерткіштерімізді, мәдени байлығымызды, құндылықтарымызды әлем жұртшылығына таныту арқылы Түркия ірі туризм мекеніне айналды. Өткен жылы елімізге 30 млн. турист келіп кетті», деді ол.
Осы ретте бауырластық және тарихи байланысы бар туыстас елдер арасындағы барыс-келісті жиілету керектігін баса айтқан Р.Ердоған: «Екі халықты бір біріне жақындата түсетін шараларды көптеп атқаруымыз маңызды. Өткен жылы 300 мың қазақ азаматы Түркияға келіпті, неге оны миллионға жеткізбеске», деді.