Түркия президенті жаңа Үкіметтің ең қысқа мерзімде құрылуына және шиеленістің тезірек аяқталуына сенім білдірді. Дос әрі бауырлас Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап отырғанын жеткізді.
Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Түрік елімен қоса түркі мемлекеттері ұйымының да Қазақстанға қолдау көрсететінін айрықша атап өтті.