Ж.Түймебаев сұхбаттасына Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бүгінге дейінгі басты жетістіктерімен «Қазақстан-2050» стратегиясымен және 2020 жылға дейінгі даму жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, елші Қазақстанның көп векторлы саясатында Еуроодақ Ресей, Қытай, Түркия және АҚШ-пен қатар аса маңызға ие екенін атап өтті. Қазақстанның ЕО-ны әлемдік экономика мен саудада жетекші күш ретінде таниды және өзінің интеграциялық саясатымен тығыз байланыстырады. Сондықтан да Қазақстан Түркияның ЕО-ға кіру процесін қолдайды. Қазақстандық «Атом» мен Джи глобал» жобалары да әңгіме арқауына айналды.
Өз кезегінде Түркияның Еуроодақ істері бойынша министрі М.Чавушоғлы Қазақстанның жетістігін жоғары бағалап, қазақ-түрік ынтымақтастығының қарқынды дамуына тоқталды. Еуропалық Одақтың Парламенттік Ассамблеясының төрағасы болған кезде қазақстандық билікпен етене жақын араласқанын және ЕО-дағы ҚР мүддесі мен өзара қарым-қатынасына қолдау көрсетіп отырғанын да айтты.
«Түркия ҚР-ның көп бағытты сыртқы саясатының авторы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Қазақ елінің белгілі халықаралық бастамалары әлемдік қауымдастықтың алдында мойындалды және қолдау тапты. Бүгінгі күні елдің жеткен жетістігі Қазақстан Президенті жүзеге асырып отырған сыртқы саясаттағы ұстаған бағытының дұрыстығына көз жеткізіп отыр», - деді түрік министрі М.Чавушоғлы.
Бұған қоса, кездесуде екі елдің саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастығының жетістіктері де әңгіме болды. Қос тарап екі елдің Еуропа елдерімен қарым-қатынасындағы бастамаларына өзара қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.