Мұндай мәліметті Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевқа сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат құралы таратты. Австралиялық Сиднейде болған G20 сауда министрлерінің кездесу алаңында Улюкаев: «Біз болуы ықтимал ынтымақтастықтың формасын, сонымен қоса Түркия мен Кедендік одақ арасында еркін сауда аймағын құру мәселесін талқыладық. Тиісті жұмыс тобын құруға және қыркүйек айында бұл мәселені түбегейлі талқылауға келістік», - деді. Улюкаевтың сөзіне қарағанда Түркия министрі Кедендік одақпен тығыз қарым-қатынаста болу туралы ұсыныс айтқан көрінеді. Қазіргі уақытта Түркия мен Еуроодақ арасында еркін сауда аймағы бойынша келісім бар.
08:14, 20 Шілде 2014
Түркия Кедендік одақпен еркін сауда аймағын құруы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Кедендік одақ елдері, Ресей, Беларусь және Қазақстанмен арада еркін сауда аймағын құруы туралы бастама көтерді, деп жазады 24.kz.