Түркия компаниялары Азиада-2011 ойындарына демеушілік жасауға қызығушылық танытты

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Түркияның ірі компанияларының өкілдері 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін қысқы Азиада ойындарына әріптестік және демеушілік бағдарламалар жасауға қызығушылық танытты.

Бұл туралы Ыстамбұлда өткен Қазақтандағы 2011 жылғы VII қысқы Азиада ойындарының таныстырылымы барысында мәлім болды, деп хабарлайды осы спорттық шараны ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі.

«Екі елдің экономикалық ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді, түрік компаниялары Қазақстанда кеңінен танылған. Түрік тарабы 7-қысқы Азиада ойындарының алаңын өздерінің іскерлік қабілеттерін әлемдік және қазақстандық қоғамға таныту мүмкіндігі ретінде пайдалана алады», - деді «2011 жылғы қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның басқарушы директоры Берік Сарин.

7-қысқы Азиада ойындары Астана және Алматы қалаларында 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.