Түркия мамандары қазақстандық қолжазбаларды қалпына келтіруге атсалысады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Түркия көне жазба мұраларды сақтау бойынша тәжірибе алмасты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өтті.

Басқосуда Ұлттық кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын Құран қолжазбасының сақтау және қалпына келтіру бағытындағы мәселелер талқыланды.

Тараптар түркі-ислам өркениетінің жазба мұрасын сақтау ісіне айрықша мән беріп, жиында көне жазба мұраны қалпына келтіру және ғылыми тұрғыдан зерттеу бағытындағы Түркия тәжірибесі таныстырылды.

Кездесу аясында кітапхана қорындағы сирек кездесетін әрі құнды жазба жәдігерлер жинақталған көрме ұйымдастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта қолжазбаларды қалпына келтіру жұмыстарына Түркияның білікті мамандарын тарту жөнінде келісім жасалды.

Айта кетелік Болған ана кесенесінен табылған құнды жәдігер Ұлттық музей қорына берілген еді