Бұл туралы Түрік тарапы Air Astana компаниясының жолаушылар ұшағы Анадолы еліне ұшқалы жатқан кезінде телефонмен хабарлады. Бір сағаттан кейін әуе қатынасын жасауға тыйым салатын ресми құжат жіберді. Дегенмен, Алматы-Ыстанбұл-Алматы рейсін аяқтауға бір жолға рұқсат берілді.
Сөйтіп, жоспарлы уақыттан екі сағатқа кешіккен 101 жолаушы Ыстанбұлға аттанды.
Мәлім болғандай, Иран мен Ауғанстаның әуе рейстерін де іске асыруға шектеу қойылған.