Түркия мен Пәкістан бірлесіп тарихи сериал түсіреді

ИСЛАМАБАД. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркия мен Пәкістан бірлесіп тарихи телехикая түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның әкімшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Андолы агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістан үкіметінің басшысы Исламабадта Tekden Film продюсер компаниясының басқарма төрағасы Кемал Текден бастаған делегацияны қабылдады.

«Türk Lala» атты жаңа тарихи телехикая түсіру жобасы талқыланды. Ол Балқан соғысына қатысқаны Үнді түбегінің мұсылмандары (1912-1913 жж.) туралы болмақ.

Кашмирдің парламент комитетінің басшысы Шахрияр Африди белгілі командир Абдуррахман Пешавери Türk Lala аталғанын, бұл «түркі бауыр» дегенді білдіретінін айтты.

Кашмир тумасы Абдуррахман Пешавери қиын кездерде Түркияға келіп қолдау көрсеткен. Кабулдағы Түркияның алғашқы елшісі, Анадолы агенттігінің алғашқы тілшісі Пешавери Чанаккаладағы соғыста ерлік көрсеткен.

Пәкістанның премьері елде Tekden Film компаниясының «Ертұғырыл» сериалы танымал екенін айтып, табысқа қол жеткізгені үшін құттықтады.